"Самұрық-Қазына" өрттен зардап шеккендерге 200 млн теңге жіберді

"Самұрық-Қазына" өрттен зардап шеккендерге 200 млн теңге жіберді

Бұл туралы ұлттық компанияның басшысы Нұрлан Жақыпов Twitter-дегі парақшасында жазды.

"Самұрық-Қазына" компаниялар тобы Абай облысындағы өрттен зардап шеккендерге көмек ретінде 200 млн теңге жолдады. "Самұрық-Қазына" компаниялар тобы эвакуацияланған елдімекендердің тұрғындары мен өртті сөндіруге тартылған мамандарға гуманитарлық көмек ретінде 200 млн теңге жіберу туралы шешім қабылдады. Бүкіл Қазақстан орман өрттері өршіп тұрған Абай облысындағы отандастары үшін алаңдаулы. Мемлекет басшысы азаматтарға жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды. Біз ұлттық әл-ауқат қоры ретінде де бұл қайғыға бей-жай қарай алмаймыз", - деді "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Басқарма Төрағасы.

Қаражат Samruk-Kazyna Trust корпоративтік қайырымдылық қоры арқылы ұлттық еріктілер желісіне аударылады.