А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-да күл-қож қалдықтарын қайта өңдеу жөнінде конкурс жеңімпазы марапатталды. Іс-шара Алматы қаласы әкімдігі мен Алматы қаласы бойынша экология департаменті, БАҚ, «Arka Development» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 1 маусымында «АлЭС» АҚ Алматы ЖЭО гидркүл-қож қалдықтарын қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі ғылыми-техникалық жобаларды іздестіру конкурсын қорытындылады. Конкурстық комиссия егжей-тегжейлі зерделеген әлеуетті қатысушылардан жеті өтінім түсті. Оның құрамына әкімдіктің, Алматы қаласы бойынша экология департаментінің өкілдері, ғылыми институттардың техникалық мамандары және «АлЭС» АҚ кірді. Ұсыныстарды қарау нәтижелері бойынша байқау жеңімпазы бірауыздан «Arka Development» ЖШС болып таңдалды.
Ұсынылған жоба Алматы 2-ЖЭО жанында жылдық өнімділігі 300 мың тонна күл-қож қалдықтарын қайта өңдеу кешенін салуға мүмкіндік береді. Күл-қож қалдықтарын қайта өңдеу нәтижесінде өнімнің төрт түрі алынатын болады:
- көмір жағу (қазандықтарға арналған брикеттелген өнім),
- магнетит (металлургия өнеркәсібіне арналған шикізат ауыр бетон толтырғышы);
- микросфера (пластмассадан, гипстен, керамикадан, жеңіл цементтерден жасалған бұйымдар өндірісіндегі толтырғыштар);
- алюминий силикат өнімі (құрылыс материалдарына арналған шикізат).
Қазақстан Республикасының қолданыстағы экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес 2030 жылға қарай қалдықтарды қайта өңдеу үлесі 40% – ға, 2050 жылға қарай 50% - ға дейін жеткізілуі тиіс.
Бұл жоба Алматы ЖЭО-да пайда болатын күл-қож қалдықтарынан өңдей отыра, олардан 99% - ға дейін пайдалы элементтер алу, күл-қож алаңдарын қысқарту, содан кейін оларды толық қалпына келтіру жөніндегі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
Іс-шара барысында «АлЭС» АҚ-ның «Arka Development» ЖШС-мен одан әрі ынтымақтастығы туралы Меморандумға қол қойылды. «АлЭС» АҚ күл-қож қалдықтарын қайта өңдеу бойынша үздік ұсыныс үшін конкурс жеңімпазына 1 000 000 теңгеге сертификат табыс етті.