«Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының шешімімен Маширов Ерік Қанышбекұлы «АлЭС»АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.
2023 жылдың 3 шілдесінде «АлЭС» АҚ жаңа басшысын ұжымға «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов таныстырды.
Ерік Маширов әр жылдары квазимемлекеттік секторда еңбек еткен.
2017 жылдан 2018 жылға дейін «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасының қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары лауазымын атқарған.