«Qazaq Green Power PLC» Жария компаниясы Директорлар кеңесінің шешімімен Долқын Исламов «Samruk-Green Energy» ЖШС Бас директоры болып тағайындалды.
Компания ұжымына жаңа басшыны «Samruk-Green Energy» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы – «Самұрық-Энерго» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Айдар Рысқұлов таныстырды.
Исламов Долкын Усманович 1966 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының Жетісу облысында дүниеге келген.
Жоғары экономикалық және техникалық білімі бар.
Жалпы еңбек өтілі 32 жылды құрайды, оның ішінде энергетика саласында 14 жылдан асады.
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында 2009 жылдан бері жұмыс істейді, оның ішінде «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Техникалық аудит қызметін ұзақ уақыт басқарды, сондай-ақ компанияның Басқарма Төрағасының кеңесшісі болды.