«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Ернар Жанәділ «Qazaq Green Power PLC» жария компаниясының Бас директоры болып тағайындалды.
Компания ұжымына жаңа басшыны «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов таныстырды.
Жанәділ Ернар Бейсенұлы 1984 жылы 15 желтоқсанда туған.
Манчестер Университетінде (Ұлыбритания), Манчестер бизнес мектебінде оқыған.
Басқарушы бухгалтерлер институтының (АҚШ); Халықаралық жобаларды басқару қауымдастығының (Швейцария); Артықшылықты бухгалтерлер қауымдастығының (Ұлыбритания) халықаралық кәсіби сертификаттары бар.
Бірқатар қазақстандық және шетелдік компанияларда, сондай-ақ «Самұрық-Қазына»АҚ-да түрлі позицияларда жұмыс істеді. «Qazaq Green Power PLC» ЖК-ге тағайындалғанға дейін «Самұрық-Қазына» АҚ Дамыту және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.