«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Алматы энергокешені бойынша энергетикалық нысандары алдағы 2023-2024жж. күз-қыс жылыту маусымына жоспарлы түрде дайындық жүргізуде.
Бүгін «Алматы электр станциялары» АҚ-на (АлЭС) қарасты А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО станциясында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаменті жылыту маусымына дайындық бойынша жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
«АлЭС» АҚ орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында Алматы қаласын электр энергиясымен 51,4% - ға, ал жылу энергиясымен 70% - ға қамтамасыз етеді. Нысандардың электр қуаты – 1 235,7 МВт, жылу қуаты – 4 049 Гкал. Өндірістік қуаттар жыл сайын 5 млрд.кВт*сағ астам, ал жылу энергиясын - 5,3 млн.Гкалл астам өндіруге мүмкіндік береді.
А.Жақұтов атындағы Алматы ЖЭО-2 станциясы – электр және жылу энергиясын біріктіре өндіру бойынша Қазақстандағы ең ірі жылу станциясы болып табылады. Оның белгіленген электр қуаты - 510 МВт, жылу қуаты – 1411 Гкал / сағ. Станция көптеген технологиялық құбырлар арқылы АлЭС компаниясының 1-ЖЭО, Батыс жылу кешені (БЖК) сынды өзге энергия нысандарымен тығыз байланысты. Үш энергия көздерінің – 2-ЖЭО, 1-ЖЭО және БЖК бірлескен күшімен Алматы қаласы тұтынушылары жылу энергиясымен сенімді қамтамасыз етілуде.
Іс-сапар барысында Департамент алдағы жылыту кезеңіне дайындықпен байланысты жұмыстармен, сондай-ақ реттелетін қызметтерге арналған инвестициялық бағдарламаның іске асырылу барысымен танысты. АлЭС мамандарының айтуынша, 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында негізгі жабдықты жөндеу кестесі әзірленіп, бекітілді және «КЕGОС» АҚ жүйелік операторының ұлттық диспетчерлік орталығымен келісілді. Жөндеу науқаны барысында негізгі жабдықтың 70 бірлігін (қазандықтар, турбо - және гидроагрегаттар) және 2-ЖЭО мен БЖК арасындағы екі жылу магистралін жөндеу жоспарлануда, қазіргі уақытта 48 жабдық немесе жалпы санының 68% жөнделді.
Реттелетін қызметтерге бағытталған «Алматы электр станциялары» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасының іске асырылу барысына ерекше назар аударылды. Түзетулері ескерілген 2022-2026 жылдарға арналған жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметтерге арналған инвестициялық бағдарлама шеңберіндегі міндеттемелер, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы, Алматы облысы және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бойынша департаменттерінің бірлескен бұйрығымен бекітілген, олар өндірістік объектілерді күрделі салуға/ күрделі жөндеуге/ диагностикалауға бағытталған.