Астанада Қазақстанның жаңартылатын энергия көздері мен ғылымын дамыту саласындағы қазақстан-қытай ынтымақтастығы жөніндегі II конференция өтті. «Болашаққа - көміртекті бейтараптыққа қол ұстасып» ұранымен іс-шараны Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығы China Power International Development Limited (CPID) Қытай мемлекеттік компаниясымен бірлесіп ұйымдастырды.
Энергетикалық форумның жұмысына «Самұрық-Энерго» АҚ өкілдері де қатысты. Конференцияда сөйлеген сөзінде Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдингі Жобалау кеңсесінің басшысы Аңсар Айдаров компания республиканың электр энергетикасы нарығында маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, жаңартылатын энергетика желісі бойынша энергетикалық жобаларды, оның ішінде қытайлық серіктестермен бірге, іске асыру жоспарларымен бөлісті.
Мәселен, Аңсар Айдаровтың айтуынша, электр энергиясын тұтынудың болжамды артуын қанағаттандыру үшін «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бүгінде бірқатар ауқымды жобалармен жұмыс істеуде, олардың қатарында Алматы және Жамбыл облыстарында қытай серіктестерімен бірге іске асыру көзделген бірқатар ЖЭК нысандарының құрылысы бар. Осы жобалардың бірі Алматы облысының Шелек дәлізінде 2022 жылы пайдалануға берілген ЖЭС-ті 810 МВт-ға дейін кеңейтумен байланысты.
«Самұрық-Энерго» АҚ өкілі сондай-ақ компанияның төмен көміртекті дамуға көшудің негізгі бағыттары бойынша жоспарлары туралы айтты. Аңсар Айдаров атап өткендей, 2022 жылы электр энергетикалық холдинг 2022-2060 жылдарға арналған энергетикалық көшу бағдарламасын бекітті, оның негізгі мақсаты 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мүмкіндігімен компаниялар тобының көміртегі ізін азайту болып табылады.
Екіжақтық өзара тиімді серіктестікті талқылау «Самұрық-Энерго» АҚ-ның кеңсесінде жалғасты. Онда қытай энергетикалық ұйымының мамандары «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтовпен және компанияның өндіріс блогы басшыларымен кездесті. Екі елдің энергетика саласы өкілдері бірталай өзекті мәселер аясында пікір алмасып, ынтымақтастықтың жалғасу қажеттілігін атап өтті.