Нұрлан Жапарханов «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасы құрамына сайланды

Нұрлан Жапарханов «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасы құрамына сайланды

Zhaparkhanov 

Директорлар кеңесінің 28.09.23ж. шешімімен Құқықтық сүйемелдеу және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор Нұрлан Жапарханов «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының құрамына сайланды.

Нұрлан Алтынханұлы Жапарханов 1982 жылы 26 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.

2003 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін бітірген.

2011 жылы Нұрлан Алтынханұлы Астана қаласындағы «Тұран» университетін тәмамдап, заң ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алды.

2009 жылдан бастап «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында түрлі позицияларда жұмыс істеген.