Астанада Болат Жәмішевтің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» қоры Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Іс-шараның басты талқылау тақырыбы жылумен жабдықтау объектілерінің, желілердің және электр энергетикалық инфрақұрылымның күзгі-қысқы кезеңге дайындығы болды.
«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов отырыстағы негізгі спикерлердің бірі ретінде 2023 жылғы Екібастұз МАЭС-1 және МАЭС-2, Алматы ЖЭО жөндеу науқанының барысы туралы айтып, «Самұрық-Энерго» АҚ энергетикалық объектілеріндегі инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы баяндады.
Осылайша, қазақстандық электр энергетикалық холдинг басшысының айтуынша, 2023 жылдың жөндеу науқанына 83 негізгі жабдықты жөндеу жоспарланған, оның ішінде: 9 энергия блогы, 13 турбиналық агрегат, 20 қазандық агрегаты, 21 су жылыту қазандығы, 18 гидроагрегат және Алматы қаласындағы Батыс жылу кешені ЖЭО-2-нің 2 жылу магистралі бар.
«Самұрық-Энерго» АҚ Алматы энергетикалық кешеніндегі энергия беруші компания «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ бойынша 169 км кабельді, 1990 км әуе желілерін, 35-220 кВ 202 қосалқы станцияны, 631 трансформаторлық қосалқы станцияларды және 869 тарату пункттерін, 67 ғимарат мен құрылыстарды жөндеу жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда барлық жұмыстар 100%-ға аяқталды.
Сондай-ақ, 2023-2024 жж КҚК-де жұмысқа дайындық паспорттарын алу үшін барлық іс-шаралар аяқталды, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның барлық еншілес ұйымдары Дайындық паспорттарын алуға материалдар берді.
Көмір жеткізу бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылады. «Самұрық-Энерго» АҚ жылу станцияларының қоймаларындағы көмірдің жиынтық қоры 791,5 мың тонна нормативпен 1 427,0 мың тоннаны құрайды. Қоймалардағы көмірдің нормативтік қоры қамтамасыз етілген.
Жалпы, Қайрат Мақсұтов атап өткендей, 2023 жылғы жөндеу науқаны Жүйелік оператормен белгіленген және келісілген мерзімде толық көлемде аяқталатын болады.
«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы ең ірі көпсалалы энергетикалық холдинг, оның құрылымында көмір өндіруден бастап электр энергиясын сатуға дейінгі барлық өндіріс тізбегі бар. Компания Қазақстанның ең тығыз қоныстанған өңірі - Алматы мен Алматы облысында электр энергиясын өндірумен, көмір өндірумен, сондай-ақ электр энергиясын бөлумен және өткізумен айналысады.
«Самұрық-Энерго» АҚ еншілес компанияларының электр энергиясын жиынтық өндіру көлемі 2022 жылы 35,9 млрд.кВтсағ немесе Қазақстан бойынша жалпы электр энергиясын өндіру шамамен 32% - % құрады. 2023 жылдың 8 айында электр энергиясын өндіру 23 млрд. кВтсағ немесе жоспардың 101%-ын құрады. Жылу энергиясын босату 4,0 млн. Гкал немесе жоспардың 105%-ын құрады. Электр энергиясын беру көлемі («АЖК» АҚ) 5,7 млрд. кВтсағ немесе жоспардың 106%-ын құрады. Көмір сату көлемі («Богатырь Көмір» ЖШС) - 27,7 млн.тонна немесе жоспардың 100%-ы.