2023 жылғы 29 қыркүйекте Екібастұз қаласындағы Б.Нұржанов атындағы «МАЭС-1» ЖШС станциясында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы Омбудсмендер кеңесінің отырысы өтті. Кездесуге «Қазақтелеком» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «КЕGОС» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, сондай-ақ «Богатырь-Көмір» ЖШС омбудсмендері шақырылды.
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның төрағалық еткен омбудсмені Серікбай Тұрымов өзінің құттықтау сөзінде ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы айтып, Қоғамдық кеңестің қатысуы мен қосқан үлесін ерекше атап өтті.
Бұдан әрі күн тәртібінде «Самұрық-Энерго» АҚ-ның электр энергиясын өндіру процесінің толық циклімен танысу көзделді, оның шеңберінде компания омбудсмені Нариман Ақылов «Богатырь-Көмір» ЖШС алаңына баруды ұйымдастырды. Мұнда омбудсмендер көмір өндірудің және оны МАЭС пен ЖЭО-ға жеткізудің өндірістік циклімен танысты.
Бұдан соң Б. Нұржанов атындағы «МАЭС-1» ЖШС Бас директоры Асан Наурызғалиев таныстыру кездесуін өткізіп, электр энергиясын өндіру процесінің толық циклін көрсетті.
Сондай-ақ, Ерейментау қаласындағы «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС алаңына барып, қатысушылар жел энергиясын пайдалана отырып, электр энергиясын алу процесімен танысты.
Отырыстың қорытынды бөлімінде «ЦСВК» ЖМ Әлеуметтік тұрақтылық мониторингі орталығы басшысының м.а. Айнұр Өмірзақова «Самұрық-Қазына» қорында келісу және бекіту кезеңінен өтіп жатқан «Нысана»КО-ның ағымдағы жағдайы және жаңа бағыты туралы ақпаратты бөлісті. Сондай-ақ, 2023 жылдың III тоқсанындағы КО қызметі туралы есеп тыңдалды.
Отырыс барысында «Омбудсмендер, медиаторлар және кәсіподақ көшбасшылары форумы» шеңберінде ағымдағы жылдың желтоқсан айында Омбудсмендердің келесі кеңесін өткізу туралы шешім қабылданды. Омбудсмендер кеңесінің отырысы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы шеңберінде тәжірибе алмасу мен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап көрсеткен «Самұрық-Энерго» АҚ қызметіндегі тағы бір маңызды кезең болды.