«KEGOC» АҚ акциялары барлық қазақстандықтардың сатып алуына қолжетімді болды! 2023 жылдың 16 қазанында компанияның акцияларын орналастырудың екінші кезеңі (SPO) басталды. Компанияның акцияларын сатып алуға өтінімдер 2 қарашаға дейін қабылданады.
Бүгін «KEGOC» АҚ SPO бойынша, сондай-ақ ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығына инвестициялау мәселелері бойынша жүргізіліп жатқан ақпараттық-түсіндіру науқаны аясында «Самұрық-Энерго» АҚ-да «Самұрық-Қазына» қоры мен «KEGOC» АҚ өкілдерінің қатысуымен Road Show өтті.
«Самұрық-Энерго» АҚ ұжымымен кездесу барысында «Самұрық-Қазына» АҚ Дамыту және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Салтанат Сәтжан «KEGOC» АҚ акцияларын сатып алу үшін қажетті негізгі себептерді, оның ішінде электрмен жабдықтау нарығындағы негізгі жағдайды, компанияның маңызды активтері, кірістердің тұрақты өсуі, инвесторларға дивидендтер төлеудің ешбір мінсіз орындалып келе жатқанын және делдалдардың KEGOC акцияларының құнына берген бағалары туралы айтты.
«Өтінімдерді делдалдар, банктер мен Tabys қосымшалары, сондай – ақ «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы - онлайн және офлайн беруге болады. Сонымен қатар, SPO – ның бірінші кезеңі - KEGOC-тың 17 және одан да көп акцияларына иелік ететін ағымдағы акционерлер үшін акцияларды басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру кезеңі жалғасуда. SPO 28 қыркүйекте басталды және 27 қазанды қоса алғанда, 30 күнге созылады. Ағымдағы акционерлер брокерлер арқылы немесе тікелей KEGOC мекенжайына өтініш бере алады»,-деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.
Кездесу барысында спикерлер қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, компанияның одан әрі даму жоспарларын айтты.
«KEGOC» АҚ - Қазақстанның жүйелік операторы және магистральдық электр желілерінің операторы функцияларын атқаратын компания. SPO KEGOC Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендіру жоспары шеңберінде және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша экономиканы одан әрі мемлекеттің иелігінен алу, оның ішінде қосымша эмиссия арқылы мемлекеттік активтерді жекешелендіру есебінен өткізіледі.