«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2022 жылғы Жылдық есебі беделді халықаралық MarCom Awards коекурсының платина (жоғары) наградасына ие болды.
Конкурсқа әлемнің түкпір-түкпірінен компаниялардың корпоративтік және маркетингтік коммуникациялары саласындағы 6 500-ден астам жоба қатысты.
MarCom Awards конкурсы - 2004 жылдан бері жыл сайын Маркетинг және коммуникация кәсіпқойлары қауымдастығы (Association of Marketing and Communication Professionals, AMCP) өткізетін ең көне, ең ірі және ең беделді конкурстардың бірі. MarCom Awards маркетинг және коммуникация саласындағы үздік жетістіктері, маркетинг және коммуникация материалдары мен бағдарламаларының тұжырымдамаларын, стратегияларын, дизайнын және өндірісін әзірлеуге қатысқаны үшін беріледі.
Компанияның 2022 жылғы Біріктірілген жылдық есебі Сreativity | Writing |Annual Report/CSR («Шығармашылық/Жазу/Жылдық есеп/КӘЖ») номинациясы бойынша аталды.
Бұл номинация корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы креативтілік пен ақпараттың мазмұны тұрғысынан ірі әлемдік компаниялар жариялайтын үздік жылдық есептерді анықтайды.
Қол жеткізген марапат «Самұрық-Энерго» АҚ-ның орнықты даму, өз қызметінің ашықтығын арттыру, қызметінің барлық аспектілерін ашу, корпоративтік басқару деңгейін арттыру, мүдделі тараптармен өзара тиімді іс-қимылды дамыту арқылы сапасы жоғары есеп мазмұнын қамтамасыз ету саласындағы күш-жігерін тағы да бір мойындау болды.
«Самұрық-Энерго» АҚ Біріктірілген жылдық есебімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.samruk-energy.kz/ru/shareholders-and-investors/annual-reports-on-the-results-of-the-company-s-activities