«Энергетик күні» кәсіби мерекесінің аясында  «Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлерін марапаттау салтанаты

«Энергетик күні» кәсіби мерекесінің аясында «Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлерін марапаттау салтанаты

se 221223 2

Бүгін «Самұрық-Энерго» АҚ корпоративтік орталығында энергетика саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.  Іс-шараға «Самұрық-Қазына» Қорының Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов Самұрық-Энерго қызметкерлерін арнайы құттықтап келді. Ұжым алдында сөйлеген сөзінде Қор басшысы Қазақстандағы ең ірі электр энергетикалық холдингтің еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен  ел экономикасына маңызы зор инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы рөлі туралы айтты. Н.Жақыповтың айтуынша қазақстандық энергетиктердің біліктілігі мен қажырлы еңбегі  халқымыздың сенімді ертеңіне негіз бола алады. Ол Самұрық-Энергоның осынау игі ісі жолындағы көптеген жетістіктерінде холдингте еңбек етіп жүрген әрбір қызметкердің үлесі зор екендігін алға тартты.

 

se 221223 2

Іс-шара аясында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның бірқатар қызметкерлері «Самұрық-Қазына» АҚ тарапынан құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапатталды. Марапат иегерлері:  Гаухар Жарманова, «Құқықтық сүйемелдеу» департаментінің бас менеджері; Ғалымбек Ауталипов, «Генерация және Отын» департаменті директоры; Олег Квон, Директор «Активтерді басқару» департаменті директоры; Мадина Айсариева, «Корпоративтік басқару және Орнықты даму» департаменті директоры; Еркебұлан Сәрсембеков, Ішкі аудит қызметі бас аудиторы; Руслан Төлегенов, Департамента «Стратегия және Экономикалық талдау» департаментінің бас маманы; Сұлтан Мұқаев, «Қазынашылық және Корпоративтік қаржы» департаментінің директоры; Ержан Дүйсенов, «Нарықты талдау және дамыту» департаментінің директоры.

se 221223 2

se 221223 2

se 221223 2

«Самұрық-Энерго» Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов өз кезегінде  «Самұрық-Қазына» Қорына және басшысына мереке күні білдірген жылы лебізі және мемлекеттік маңызы зор энергетикалық жобаларды іске асыруда көрсеткен қолдау үшін алғыс айтты.  Мақсұтовтың айтуынша,  компания Қор тарапынан болатын қолдаудың нәтижесінде ел экономикасындағы маңызды салалардың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін сенімді энергожүйесінің құрылуы жолында қызмет етіп келеді.

se 221223 2

 Сонымен қатар Мақсұтов: «Компаниямыздың отандастарымызға жылу мен жарық беріп, өндіріс ошақтарын тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етуі – сіздердің және энергетик мамандардың  қажырлы еңбегінің арқасы. Компанияларымыздың мол тәжірбиесі, онда жұмыс жасайтын білікті мамандар әрдайым тек жетістіктерге жеткізетініне сенімдімін!», - деп ұжымына алғыс білдірді.

se 221223 2

Салтанатты марапаттаудан кейін «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Самұрық-Энерго» АҚ басшыларының қатысуымен жиналыс өтті. Онда «Самұрық-Энерго» АҚ Қор басшыларының алдында 2023 жылдың 11 айы бойынша жұмысына есеп берді. 

se 221223 2

se 221223 2