«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Мақсұтов Қайрат Берікұлы 2024 жылғы 26 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысындағы «Самұрық-Энерго» АҚ кәсіпорындарына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында электр энергетикалық холдинг басшысы Өскемен ГЭС-інде болып, кәсіпорынның ағымдағы қызметімен танысты. Станцияны аралау барысында энергетикалық нысанның №2 гидроагрегатын күрделі жөндеуден өткізу және су электр станциясының қуатын 380 МВт-қа дейін арттыру мақсатында төртінші гидроагрегатты жаңғырту бойынша жақын арадағы жоспарлармен танысты.
Өскемен ГЭС-інің қызметкерлерімен өткізілген іс-сапардың қорытынды жиналысында «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы станцияны одан әрі дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.