2024 жылғы 30 қаңтарда «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Мақсұтов Қайрат Берікұлы жұмыс сапарымен Ақмола облысына келді. Іс-сапар аясында электр энергетикалық компаниясының басшысы облыс әкімі Марат Мұратұлы Ахметжановпен «Көкшетау ЖЭО-ны салу» жобасын іске асыру мәселелерін талқылады.
Кездесуде тараптар жобаның жобаланған ТЭН-інің нәтижелерін талқылап, жаңа энергия объектісін дамыту және салу перспективасын ескере отырып, қаланы жылумен жабдықтау схемасын өзгерту қажеттігіне тоқталды. Талқылау барысында баса көңіл бөлінген мәселе - осы өңірдің электр және жылу қуаты тапшылығын жабу міндеті болды.
Қайрат Мақсұтов ҚР және РФ энергетика министрліктері арасында жасалған Меморандумға сәйкес Қазақстан тарапынан «Самұрық-Энерго» АҚ-ға және Ресей тарапынан «Интер РАО-Экспорт» ЖШҚ-ға жобаны іске асыруға жауапты тұлғалар ретінде уәкілеттік берілгенін атап өтті. Бұл ретте, «Самұрық-Энерго» АҚ тапсырыс беруші ретінде әрекет етіп, станцияны толық иеленетін болады, ал «Интер РАО-Экспорт» компаниясы бас мердігер ретінде әрекет етеді, сондай-ақ станция салу үшін жеңілдікті қаржыландыруды ұйымдастыруға жәрдемдесетін болады.
Сонымен қатар, кеңесте болашақ ЖЭО салынатын орын, сондай-ақ қажетті инфрақұрылым мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен Жұмыс тобын құруға және қысқа мерзімде осы жобаны іске асыру жөніндегі Жол картасын бекітуге келісті.