2024 жылғы 31 Қаңтарда "Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Берікұлы Мақсұтов компания қызметкерлерімен есептік кездесу өткізді.
Кездесу аясында Басқарма Төрағасы 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қоғам қызметінің нәтижелерін және 2024 жылға арналған жұмыс жоспарларын айтты. 2023 жылдың негізгі қорытындылары:
- электр энергиясын өткізу, беру және өткізу көлемінің, сондай-ақ жылу энергиясын өткізу көлемінің 100% орындалуына қол жеткізу;
- электр энергиясын өндіруге, беруге және өткізуге арналған тарифтерді, электр қуатының әзірлігін қолдау қызметтеріне арналған тарифті, сондай-ақ жылу энергиясын өндіруге арналған тарифті арттыру;
- қоғамның қаржылық нәтижесін жақсарту;
Компания қызметкерлерінің ESG саласындағы Қоғам қызметін жақсарту, еңбекті қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өтімділікті тиімді басқару, бизнес-процестерді автоматтандыру, заңнамалық бастамаларды табысты іске асыру жөніндегі нәтижесі атап өтілді.
2024 жылға өндірістік және қаржылық көрсеткіштерді жақсарту, қоғамның даму стратегиясын өзектендіру, еңбекті қорғау және бизнес-процестерді автоматтандыру, қолданыстағы заңнаманы жетілдіру, инвестициялық жобаларды іске асыру, ESG-рейтингін жақсарту жөнінде негізгі мақсаттар айтылды. Сондай-ақ қоғамның әлеуметтік саясатын жақсарту, атап айтқанда, қоғам компаниялары тобында әртүрлілік және гендерлік теңдік саясатын жүргізу және басқа да көптеген міндеттер айтылды.
Сондай-ақ, Басқарма Төрағасы "Самұрық-Энерго" АҚ ұжымына қойылған мақсаттарға қол жеткізуге қосқан құнды үлесі үшін алғысын білдіріп, компанияның еліміздің энергетикалық секторын дамытуға елеулі әсерін атап өтті.