«Самұрық-Энерго» АҚ-да «Квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары» тақырыбында комплаенс-оқыту семинары өтті. Оған компания басшылығы қатысты, сондай-ақ іс-шараға құрылымдық бөлімшелер мен еншілес ұйымдардың қызметкерлері онлайн форматта қосылды.
Семинардың спикері ретінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басқарма басшысы Мирас Қарғабай сөз сөйледі. Ол семинарға қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан реформалар мен инновациялар туралы айтып берді.
Семинар барысында сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды болдырмау мәселелері және парақорлыққа қарсы күрес аясында қандай шаралар қабылданғаны туралы түсінік берілді.