«Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес компаниялары 8 наурыз қарсаңында ардагер энергетиктерді құттықтады

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес компаниялары 8 наурыз қарсаңында ардагер энергетиктерді құттықтады

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес ұйымдарының қызметкерлері Басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовтың бастамасымен энергетика саласындағы ардагер әйелдерді құттықтады.

Компаниялар тобының өкілдері өмір бойы ел игілігі үшін еңбек еткен ардагерлерге алғыстарын білдірді. Олардың қатарында Рыбленкова Қарашаш Абдарқызы мен Махметова Гүлсім Қазтайқызы бар. Екі ардагер де «Богатырь Көмірде» 40 жылдан астам еңбек етіп, «Көмір өнеркәсібінің еңбек сіңірген қызметкері» атағына ие болған.

Қазір Қарашаш Әбдарқызы мен Гүлсім Қазтайқызы зейнеттік демалыста немере-шөберелерін өсіріп отыр. «Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлері энергетика саласының ардагерлеріне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Мереке қарсаңында «АлЭС» АҚ қызметкерлері компания тарихына елеулі үлес қосқан зейнеткерлерге барды. Татьяна Федоровна Нестеренко компанияда 40 жылдан астам жұмыс істеп, өмірін энергетика саласының дамуына арнаған кәсіби маман.

Құлмұратова Ләззат Құлмаханқызы Ш.Шокина атындағы Қапшағай су электр станциясында рұқсаттама бюросының кезекшісі, Қырмызы Дүйсенқызы Қасымбалинова «АлЭС» АҚ отынмен қамтамасыз ету бөлімінде ұзақ жылдар жұмыс істеген. Ал Елена Степановна Бондарева едәуір уақыт бойы логистика бөлімінің басшысы қызметін атқарған. 8 наурыз мерекесіне орай «АлЭС» АҚ-ның 500-ге жуық зейнеткер әйелдері құттықтаулар мен ақшалай сыйлықтарға ие болды.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мен «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС қызметкерлері де өз ардагерлерін назардан тыс қалдырмады. Олар ұзақ жылдар энергетика саласында еңбек етіп, саланың дамуына елеулі үлес қосқан ардақты ардагер әйелдерге  мерекелік көңіл-күй сыйлап, мейраммен құттықтады.

Екібастұз ГРЭС-2 кәсіпорнының басшылығы мен белсенді жастары зейнеткерлік  демалыста жүрген энергетиктерге барды. Басқарма төрағасының жалпы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Гауһар Нұғманова ардагерлерге сыйлықтар табыстап, стансаның құрылуына қосқан зор үлесі үшін алғысын білдірді.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС бас директоры Еділ Көпенов мерекелік шараға ардагерлерді шақырып, оларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Кездесу қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, тамаша әсер қалдырды.

Энергетика ардагерлері көрсетілген сый-құрмет, ілтипат пен қамқорлық үшін  алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.