«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов еншілес ұйымдардың басшыларына өндірісте қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуді және жарақаттанудың нөлдік деңгейіне қол жеткізуді тапсырды. Бұл ретте ол еңбек қауіпсіздігі мәдениетін одан әрі көтеру қажеттігіне баса назар аударды.
Осы орайда 2023 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ өндірістік қауіпсіздік қызметтерінің жұмысшылары NEBOSH, IOSH халықаралық бағдарламалары және «Қауіпсіздік мәдениеті» курстары бойынша дәріс алды. Олар өз кезегінде қауіпсіз еңбек дағдыларын дамыту тақырыбындағы курстардан алған ақпараттарды әріптестеріне жеткізуде.
Сонымен қатар, Самұрық-Энергоның барлық еншілес ұйымдарында «Қауіпсіз өндіріс» жобасы іске асырылды. Ақпараттық жүйені енгізу еңбекті қорғау бөлімдері жұмысының тиімділігін арттыруға, кәсіпорындарда авариялар мен жарақат алу қаупін азайтуға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, компанияның барлық еншілес ұйымдарында қауіпсіздік бойынша аудиттерін жүргізу, қызметкерлердің қауіпті жұмыстарды тоқтату құралы (STOP-карта) және ұжымдық жауапкершілік секілді қауіпсіздік мәдениетінің белсенді индикаторлары енгізілді.
«Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейту және алдағы уақытта қызметкерлер арасында жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында белсенді шаралар қабылдау қажет», - деп атап өтті «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов.
Кеңес қорытындысы бойынша, холдинг басшысы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы 2024 жылға арналған міндеттерді белгіледі. Олардың ішінде өндірістік процестерді одан әрі цифрландыру, жедел персонал үшін ақылды каска, кеуде камераларын енгізу, өндірістің ерекшелігін ескере отырып, арнайы киімнің бірыңғай стандартын әзірлеу міндеттері бар.