«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтовтың Наурыз мерекесімен құттықтауы

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтовтың Наурыз мерекесімен құттықтауы

Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз - халқымыздың ежелден тойлап келе жатқан төл мерекесі. Тағылымы мол бұл күн – жаңару мен жаңғырудың, адам мен табиғат арасындағы үндестіктің, келісім мен татулықтың символы.

Наурыз – елдің ырыс-ынтымағын арттыратын айрықша мейрам. Бірліктің, татулықтың, ізгіліктің мерекесі. Адамдар Наурызда бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көктемге аман-есен жеттік деп, дастархан жайып, үлкендерге сәлем беріп, құттықтап жатады. Осы орайда Наурыз мейрамының ұлттық құндылықтарымыз бен дәстүрімізді жаңғыртудағы маңызы өте зор.

Ұлыстың ұлы күні Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, мол бақыт, бақ-береке тілеймін! Береке-бірлігіміз артып, ынтымағымыз нығая берсін!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Ізгі ниетпен,
Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов

se 271223 2