«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов қытайдың «ТВЕА» компаниясының басшысы Чжан Синмен кездесу өткізді. Тараптар энергетикалық жобаларды іске асыруға байланысты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
«ТВЕА» Басқарма төрағасы Чжан Син дәстүрлі энергетика, жаңартылатын энергия көздері және қосалқы станциялар құрылысы саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екенін білдірді. Ол компанияның атмосфераға шығаратын зиянды заттар шығарындыларын азайту жөніндегі жетістіктері туралы хабардар етіп, қазақстандық мамандармен тәжірибе алмасу үшін өз сарапшыларын жіберуді ұсынды.
Өткізілген кездесу қорытындысы бойынша Самұрық-Энерго мен TBEA көмірді газдандыру технологиясын зерделеу, атмосфераға бөлінетін зиянды шығарындыларды азайту және энергия қондырғыларын қайта құру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға келісті.
ТВЕА – күн энергетикасына арналған жабдықтар мен жиынтық құралдарды, сондай-ақ трансформаторлар мен басқа да электр жабдықтарын өндіруге маманданған қытай электр техникалық компаниясы.