«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов Италияның Генуя қаласындағы «Ansaldo Energia» зауытында болып, газ турбиналарын өндіру процесімен танысты. Осы жылдың қаңтар айында Қазақстан Президентінің Италияға сапары аясында «Ansaldo Energia» компаниясымен Алматы 3-ЖЭО-ны қайта құру үшін 2 газ-турбина қондырғысы жиынтығын жеткізу үшін келісімге қол қойылды. Газ турбиналары мен генераторларды жеткізу 2025 жылға жоспарланған.
Жұмыс сапары барысында Самұрық-Энерго басшысы Қайрат Мақсұтов «Ansaldo Energia S.p.A» Бас директоры Фабрицио Фаббримен кездесті. Тараптар жоғары технологиялық энергетикалық жабдықтарды өндіру, газ турбиналық жабдықтар өндірісін оқшаулау және Қазақстан аумағында сервистік орталықтарды ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Бұл өз кезегінде энергетикалық жабдықтардың құнын төмендету, тәжірибе алмасу және қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Ansaldo Energia S.p.A – Еуропадағы электр станцияларының жабдықтарын жобалаумен, өндірумен және оларға қызмет көрсетумен айналысатын ең ірі энергетикалық компания.