Самұрық-Энерго еншілес ұйымдарының бірқатар қызметкерлері құрметті демалысқа шықты

Самұрық-Энерго еншілес ұйымдарының бірқатар қызметкерлері құрметті демалысқа шықты

Екібастұз МАЭС-1 ұжымы жабдықтарды жөндеу бойынша слесарьлары Тоқтар Тұрарұлы Қисамиденов пен Тұрабек Қапарұлы Абдулинді зейнеттік демалысқа шығарып салды.
 
Станцияда 36 жыл жұмыс істеген Тоқтар Тұрарұлы жоғары білікті мамандардың бірнеше буынын тәрбиелеп, жас қызметкерлерге мамандыққа деген сүйіспеншілікпен қатар өз ісіне деген адалдықты да сіңірді.
 
Көп жылғы еңбегі және электр энергетикасын дамытуға қосқан үлесі үшін Тоқтар Тұрарұлы «МАЭС-1» ЖШС Құрмет грамотасымен, “Алғыс белгі” медалімен, ҚР Энергетика министрлігінің “Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін” төсбелгісімен және “Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін” медалімен марапатталды.
 
Тұрабек Қапарұлы энергетика саласына 30 жылдан астам еңбек сіңірген. Қажырлы ісімен бүкіл станция ұжымының құрметіне ие болды. “Ардагер энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы” құрметті атағының иегері атанды.
 
Екібастұз МАЭС-2 ұжымы емдеу-профилактикалық қызметінің дәрігері, кәсіби патолог Валентина Распаеваны зейнеттік демалысқа шығарып салды. Ол станцияда 22 жыл денсаулық сақтау пунктінің меңгерушісі және терапевт болып жұмыс істеді. Адал еңбегі үшін алғыс хаттармен, сондай-ақ құрмет грамоталарымен марапатталды.
 
“АлЭС” АҚ 3-ЖЭО қазандық цехының 5-разрядты сорғы қондырғыларының машинисі Сәкен Сағынайұлы Күренкеев зейнетке шықты. Оның жалпы энергетика саласындағы еңбек өтілі 46 жыл, оның ішінде 17 жыл Сәкен Сағынайұлы 3-ЖЭО-да жұмыс істеді. 2018 жылы адал еңбегі үшін станцияның Құрмет тақтасына енгізіліп, алғыс хаттармен марапатталды.
 
Құрметті қызметкерлерімізді зейнеттік демалысқа шығуымен құттықтаймыз!
 
Зор денсаулық пен амандық тілейміз!