«Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес компаниясы «Samruk-Green Energy» ЖШС алғаш рет халықаралық стандарттағы I-REC сертификаттарын дайындап, сатылымға шығарды. Қазірдің өзінде 12 мыңнан астам жасыл сертификат сатылды. Бұл ішкі және халықаралық нарықта сұраныстың өсуін көрсетеді.
I-REC сертификаттары электр энергиясының жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) пайдалану арқылы өндірілгенін құжат жүзінде растайтын халықаралық құрал болып табылады. Мұндай сертификаттарға көміртегі ізін азайтуға және көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге ұмтылатын компаниялар арасында сұраныс артуда.
«Халықаралық стандарттағы I-REC сертификаттарын шығару компаниямыздың тұрақты даму қағидаттарын ұстануы мен қоршаған ортаны сақтаудағы маңызды қадамдарының бірі болып табылады. I-REC сертификаттары әлемнің 50-ден астам елінде мойындалады және инвестициялар тарту мен ESG-стратегияларын (Environmental, Social, Governance) іске асыруда қосымша бонус болып табылады. Сондай-ақ ЖЭК-ті одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Енді отандық ЖЭК объектілері өндіретін энергияны сертификаттау есебінен қосымша табыс табуға, ал кәсіпорындар тұрақты даму қағидаттарын іс жүзінде белсенді енгізуге мүмкіндік алады», - деп атап өтті «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов.
«Samruk-Green Energy» ЖШС-ның Қазақстандағы ЖЭК саласында көшбасшы орынға ие. Компания күн және жел электр станцияларымен өндірілген электр энергиясы негізінде шығарылған I-REC сертификаттарының кең спектрін ұсынады. Сол арқылы Samruk-Green Energy қызмет аясын кеңейтіп қана қоймай, қоршаған ортаны қорғауға да үлес қосуда.