«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ электр желілерін пайдалану және жөндеу бойынша мамандар арасында кәсіби жарыс басталды. Оған 35 кВ және одан жоғары электр беру желілері басқармасы, Қонаев, Райымбек, Балқаш, Ұйғыр, Есік және Жамбыл аудандық электр желілерінен жеті команда қатысуда.
Іс-шараның ашылу салтанатында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Абай Асылов қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тіледі.
Жарыс жеті кезеңнен тұрады. Біріншісі бригаданың күнделікті жұмыста қолданатын жұмыс құралдарын, құжаттамаларын тексеруді қамтиды. Қалған кезеңдерде командалар кәсіби білімдері бойынша сыналады.
Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін бұл байқау мамандардың біліктілігін арттырумен қатар, облыстың әртүрлі ауданындағы энергетиктердің бір-бірімен тәжірибе алмасып, шеберліктерін шыңдауына септігін тигізеді.