Ғазий Есмұхамбетов, Исахан Сырғабаев, Владимир Шмелев және Ренат Жанғұттин еңбек жолдарын Алматы 2-ЖЭО мен 1-ЖЭО-да бастады. Көп жылдық ерен еңбектің арқасында олар энергетика саласында адалдық пен кәсібиліктің символына айналған.
Ардагерлер үшін энергетика саласында жұмыс істеу – тек мамандық қана емес, бүкіл өмірлерінің мәні, өмір сүру салты болды.
Ғазий Жұмабайұлы Есмұхамбетов Алматы 2-ЖЭО-ға 1986 жылы келген. Мұнда ол кезекші электр монтерінен станцияның ауысым бастығына дейін көтерілді. 2002 жылдан бастап 2007 жылдар арасында Ғазий Жұмабайұлы «АӨК» АҚ орталық диспетчерлік қызметінде еңбек етті. Содан соң «АлЭС» АҚ бас инженерінің орынбасары, Өндіріс жөніндегі басқарушы директор - бас инженер, Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.
Исахан Ақтанұлы Сырғабаев еңбек жолын 2-ЖЭО-ның қазандық цехында слесарь болып бастаған. Диірмен машинисінен отын ұнтақтау бойынша қазандық цехы бастығының орынбасарына дейінгі жолды жүріп өтті. Алматы 2-ЖЭО бас инженері қызметін атқарды. 1-ЖЭО Басқарушы директоры және БЖК Басқарушы директоры болып лауазымды қызметтерді атқарды.
Владимир Георгиевич Шмелев еңбек жолын 1-ЖЭО-да электр слесарі болып бастады. 1-ЖЭО станция ауысымының аға басшысы, қазандық цехының бастығы, бас инженердің орынбасары, «АӨК» АҚ Техникалық зерттеулер және талдау департаментінің, Пайдалану және жөндеу басқармасының басшысы қызметтерін атқарды. 2013 жылдан бастап «АлЭС» АҚ бас инженерінің орынбасары болып еңбек етті.
Ренат Науханұлы Жанғұттин Алматы энергетикалық институтын бітіргеннен кейін Алматы 2-ЖЭО электр монтері болып жұмыс істеді. Одан соң «АӨК» ЖАҚ электр цехының, станцияның ауысым бастығы, Орталық диспетчерлік қызметінің бас диспетчері қызметтерін атқарды. 2008 жылдан бастап Ренат Науханұлы басқарма басшысы болды.
Салтанатты шарада «АлЭС» АҚ басшылары мен қызметкерлері ардагерлерге компанияға және еліміздің энергетика саласын дамытуға қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс білдірді.