«Екібастұз 2-МАЭС станциясы» АҚ өкілдері Павлодар қаласының Торайғыров университетінде кездесу өткізді.
Жиынға «Электр энергетикасы», «Жылу энергетикасы», «Автоматтандыру және басқару», «Өнеркәсіптік робототехника» факультеттерінің оқытушылары мен студенттері қатысты. Студенттердің практикадан өтуі және оларды әрі қарай жұмысқа орналастыру мәселелері, сондай-ақ кәсіби қызметтің жекелеген бағыттары бойынша жас мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру бағдарламалары талқыланды.
«Торайғыров университетімен өзара байланысымыз энергетика саласының болашақ мамандарын даярлау деңгейі мен сапасын арттыруға бағытталған»,-деп атап өтті 2-МАЭС Адам ресурстары басқармасының басшысы Қайрош Ахметов.
Энергетика факультетінің деканы Олжас Тәліповтің айтуынша, Торайғыров университеті жұмыс берушілермен ынтымақтастық үшін әрдайым ашық. Бұл - студенттер үшін практикалық тәжірибе алуға және еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды дамытуға тамаша мүмкіндік. Университет кәсіпорындардың кадрлық сұранысын бағалап, мамандарды даярлау бойынша қажетті қолдау көрсетуге дайын.
✔️ Кездесу қорытындысы бойынша Екібастұз 2-МАЭС пен ЖОО арасындағы ынтымақтастық жоспарлары белгіленді.