"Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобының қайырымдылық марафоны Астана Триатлон паркінде өтті.
Спорттық шараға 1 200-ге жуық жүйрік қатысты. Олардың басым көпшілігі – «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері.
Барлық жиналған қаражат әлеуметтік жобаларды, соның ішінде Астана мектептері мен бақшаларында инклюзивті кабинеттер ұйымдастыруға жұмсалатын болады.