АлЭС қызметкерлері «Самұрық-Қазына» АҚ ұйымдастырған қайырымдылық марафонын сәтті жүгіріп өтіп, Charity Samruk Marathon 2024 жеңімпазы атанды.
«АлЭС» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – бас инженер Ғазий Исмұхамбетов 10 км қашықтықта 50 жастан жоғары санаты бойынша 1 орынды қанжығаға байлады.
Сонымен қатар 1-ЖЭО электр монтері Бекзат Қалелов 10 шақырым қашықтықта 18-29 жас аралығындағы санатта 2-орынға ие болды.
Қайырымдылық марафонына 1200-ге жуық жүйрік қатысты, олардың басым көпшілігі - «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері.