"Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов Екібастұз қаласында жұмыс сапарымен болды.
Іс-сапар барысында электр энергетикалық холдинг басшысына 1-МАЭС- те жүріп жатқан жөндеу жұмыстарының барысы мен №1 энергоблокты іске қосу жұмыстары бойынша есеп берілді.
Сондай-ақ, Қайрат Мақсұтов Богатырь Көмір компаниясында циклдік-ағындық технология жобасы мен жөндеу науқанын жүргізу, сондай-ақ көмір өндіру және жөнелту жоспарлары аясында кеңес өткізді.
Электр энергетикалық нысандардағы іс-сапардың қорытындысы бойынша алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық және жобаларды уақтылы іске асыру туралы нақты тапсырмалар берілді.