Самұрық-Энерго басшысы Алматы ЖЭО нысандарының жұмыс барысын тексерді

Самұрық-Энерго басшысы Алматы ЖЭО нысандарының жұмыс барысын тексерді

Жұмыс сапасы мен мерзімі – Самұрық-Энергоның бақылауында. «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов АлЭС өндірістік департаменттеріне келді.  

Сапар барысында электр энергетикалық холдинг басшысы 3-ЖЭО және А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО нысандарындағы жұмыс барысымен танысты. 

3-ЖЭО-да станцияны қайта құру жобасын жүзеге асыруға ерекше назар аударылуда. Мұнда ЕРС-мердігер мен АлЭС өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. Жобаның іске асырылу барысы туралы баяндамалар тыңдалды. Талқылау барысында ЖСҚ әзірлеуді уақтылы аяқтау және құрылыс алаңына шығу қажеттілігі атап өтілді. 

2-ЖЭО-да Қайрат Мақсұтов құрылыс алаңын аралап, орындалған жұмыстарды тексерді. Сондай-ақ ЕРС-мердігер, жобалау институты, тапсырыс беруші инженері және АлЭС өкілдерінің баяндамаларын тыңдады.  

Сондай-ақ, бұрын берілген тапсырмаларды орындау нәтижелері талданып, орындалған жұмыстар көлемі бағаланды. Жүргізілетін жұмыстардың мерзімдері мен сапасын сақтауға ерекше назар аударылды.