Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Түркістан облысындағы нысандарын аралау аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесті.
Қайрат Мақсұтов облыста Самұрық-Энерго компаниялар тобындағы Шардара СЭС-інің жұмыс істейтінін атап өтті. Осы нысанда 2020 жылы толық жаңғырту жұмыстары аяқталды. Қуаты 126 МВт станция Қазақстанның бүкіл оңтүстік өңіріндегі ең жоғары жүктемелерді жауып, ЖЭК нысандарын теңгерімдеуді қамтамасыз етеді.
Сайрам ауданында қуаты 1000 МВт-қа дейінгі бу-газ қондырғысы технологиясын қолдана отырып, электр станциясын салу бойынша іске асырылып жатқан жобаға ерекше назар аударылды. Бұл станция маневрлік генерация режимінде жұмыс істейді және ұлттық энергетикалық жүйенің сенімділігін арттыруға көмектеседі.
Кездесу барысында Дархан Сатыбалды құрылыс учаскесінде атқарылған жұмыстар жайында және газ инфрақұрылымын, қуат беру, сумен жабдықтау нысандарын салу жоспарлары туралы хабардар етілді.
Өз кезегінде облыс әкімі энергетикалық қауіпсіздіктің өңір үшін маңыздылығын атап өтіп, жергілікті атқарушы органдардың жобаны уақтылы және сапалы іске асыруда толық қолдау көрсететінін айтты.
Жұмыс бабындағы кездесудің қорытындысы бойынша Тараптар құрылыс аясындағы мәселелерді бірлесіп үйлестіру қажеттігі туралы уағдаласып, Түркістан облысында энергетика саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды қарастыруға дайын екендіктерін білдірді.