Алматы 3-ЖЭО-да үздіксіз жақсарту жүйесі енгізiлуде

Алматы 3-ЖЭО-да үздіксіз жақсарту жүйесі енгізiлуде

Алматы 3-ЖЭО Өндірістік департаментінде Кайдзен – үнемді технологиялар жүйесі енгізілуде. Бұл үздіксіз жақсарту тұжырымдамасы, жұмыс үрдістерін біртіндеп өзгерту мен инновациялардан тұрады. Ол тиімділікті арттыруға, өндірісті оңтайландыруға және өнімділікті жақсартуға көмектеседі. 

 «Пилоттық учаскелердегі қызметкерлер кайдзен технологияларының негіздерін үйреніп, 5S жұмыс кеңістігін ұйымдастыру, бизнес-процестерді картаға түсіру, ағымдағы мәселелерді шешу кезінде табысты қолданып жүр», - деп атап өтті 3-ЖЭО Электр цехының электр монтері Нұрлан Жақан. 

 Осы тұжырымдаманың қағидаттарына көшу тәжірибесі қазірдің өзінде оң нәтиже беруде. Топтық жұмыс, брейншторм топтары және өндірістік қызметті жақсарту жөніндегі идеялар банкі қызметкерлерді жаңашылдық пен өнертапқыштыққа ынталандырады.