Самұрық-Энергода өндірістік қауіпсіздік жөнінде кеңес өтті

Самұрық-Энергода өндірістік қауіпсіздік жөнінде кеңес өтті

Самұрық-Энерго басшысы Қайрат Мақсұтовтың төрағалығымен өткен кеңесте еншілес ұйымдардың 2024 жылдың 6 айындағы өндірістік қауіпсіздік бойынша атқарған қызметінің қорытындылары қаралды. «Богатырь Көмір» ЖШС, Екібастұз 1-МАЭС, Екібастұз 2-МАЭС және АлЭС басшыларының еңбекті қорғаудың өзекті мәселелері бойынша есептері тыңдалды 
 
Самұрық-Энерго еншілес ұйымдарында өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізілуде. Мысалы, 1-МАЭС-те машинистердің кабинасында бейнебақылау мониторлары орнатылған, қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кеудеге тағатын бейнетіркегіштер сатып алынуда. 
 
Богатырь Көмірде электронды медициналық тексеру жүйесінің аппараттары орнатылды, жазатайым оқиғалар мен авариялық жағдайлардың алдын алу үшін  автоматтандырылған жүйе енгізілуде.  

 
Кеңес барысында өндірісте нөлдік жарақаттануға қол жеткізуге және қызметкерлер арасында еңбек қауіпсіздігі мәдениетін арттыруға баса назар аударылды. Осы мақсатта тоқтату карталарын қолдану бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасады: қызметкерлер қауіпті жұмысты тоқтатуға немесе оны орындаудан бас тартуға құқылы. 
 
Кеңес қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов еншілес және тәуелді ұйымдарда еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күшейту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.