Самұрық-Энерго корпоративтік орталығының қызметкерлері көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды жаңа оқу жылына дайындауға көмектеседі. Компания қызметкерлері «Баланы мектепке дайындаймыз» қайырымдылық акциясы аясында өз еріктерімен қаражат жинап, мұқтаж отбасыларындағы оқушыларға арнап кеңсе тауарларына сертификаттар сатып алды.
«Jas Energy» жастар кеңесінің мүшелері «Самұрық-Энерго» АҚ омбудсмені Нариман Акыловпен бірге «ЖасНұр» саңыраулар қауымдастығы» ҚБ-ға барып, балаларға сертификаттар мен тәттілер сыйлап, балаларға жаңа оқу жылында табыс тіледі. Ата-аналар Самұрық-Энерго қызметкерлеріне қамқорлығы үшін алғыс білдірді.
Самұрық-Энерго қызметкерлері жыл сайын «Баланы мектепке дайындаймыз» жалпы республикалық қайырымдылық акциясына белсенді қатысады. Басшылық пен қызметкерлердің, сондай-ақ компанияның жергілікті кәсіподағының күшімен көп балалы және аз қамтылған отбасыларға тұрақты негізде қажетті көмек көрсетіледі.