Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС-те «Жаңа электр сүзгілерін орнату арқылы №1 энергия блогын қалпына келтіру» жобасын іске асыру аясында №1 энергия блогы желіге қосылды.
Жобаның мақсаты – елдің электр энергиясына деген артып келе жатқан сұранысты қанағаттандыру. Жобаны іске асыру барысында энергия тиімділігі мен зиянды шығарындылар бойынша көрсеткіштері жақсартылған қуаты 540 МВт жаңғыртылған энергия блогы орнатылды. Шілде айының ортасынан бастап №1 энергия блогы 460 млн. кВтсағ астам электр энергиясын өндіру арқылы желіге қосылды.
Ағымдағы сәтте іске қосу-реттеу жұмыстары аяқталып, 2024 жылдың қазан айында Объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қою жоспарлануда.
Осылайша, 2024-2025 жж. күзгі-қысқы кезеңде Екібастұз 1-МАЭС сегіз блокты режимде жұмыс істеуге дайын болады. Станция соңғы 30 жылда алғаш рет 4000 МВт жүктемемен толық қуатқа қол жеткізе алады.
"Екібастұз ГРЭС-1" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Самұрық-Энерго" АҚ компаниялар тобына кіреді, оған электр станциясының 100% үлесі тиесілі.