«Адам ресурстарын басқару» департаменті «Самұрық-Энерго» АҚ кадр саясатының жоспарына сәйкес Қоғамның Таланттар пулының қатысушылары мен компанияның Директорлар кеңесінің Тағайындау және сыйақы жөніндегі комитеті мүшелерімен кездесу ұйымдастырды. «Жаңа заманға сай көшбасшы» тақырыбындағы іс-шараның мақсаты – заман талабына сай көшбасшылық қасиеттерді дамыту қажеттілігін түсіну.
Кездесу барысында компания басшылары өз еңбек жолдарындағы оқиғаларымен бөлісті. Сол арқылы қатысушыларды кәсіби дамуға ынталандырды.
Жиында Таланттар пулының мүшелері алға қойылған мақсаттарға жетудің негізгі құралдарымен танысты. Олар іс-шараға белсенді қатысып, жаттықтырушының нұсқаулары бойынша тапсырмалар орындады.
Жаңа білім мен дағдыларды қатысушылар алдағы уақытта кәсіби қызметте жұмыстың тиімділігін арттыру үшін қолданатын болады.