«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Бейжіңде Sany Renewable Energy директорлар кеңесінің басшысы Чжоу Фугуймен кездесті
Бұған дейін Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі аясында SANY Renewable Energy ұйымымен жел электр станцияларының құрамдастарын (қанаттар, гондолалар, мұнаралар) өндіруді жергіліктендіру бойынша жобаны бірлесіп әзірлеу туралы келісімге қол қойылған еді.
Тараптар ағымдағы жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде талқылады.
«Биыл Қазақстан мен Қытайда жоғары деңгейдегі төртінші кездесуімізді өткізіп отырмыз. Бұл серіктестігіміздің стратегиялық маңызының тағы бір дәлелі», - деді Нұрлан Жақыпов кездесу барысында.
SANY Renewable Energy (SANY Group-тың еншілес ұйымы) – әлем бойынша жел генераторларын өндіретін ірі компаниялардың бірі.
Дереккөз: @samrukkazyna_official