«Самұрық-Энерго» АҚ делегациясы Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтовтың басшылығымен Бейжің қаласына жұмыс сапары аясында Power China Resources басшылығымен кездесті.
Келіссөздер барысында Қазақстанда жалпы қуаты 810 МВт жел және су электр станцияларын салу жоспарлары егжей-тегжейлі талқыланды.
Тараптар техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу, желдің күшін өлшеу жұмыстарын жүргізу, халықаралық стандарттар бойынша қоршаған ортаға тигізетін әсерді бағалау жөніндегі есепті алу іс-шаралары туралы уағдаласты. Сондай-ақ, тараптар жобаларды іске асыру бойынша жұмыс жоспарын нақтылады.