Чанлуншандағы ГАЭС 2022 жылы іске қосылған, ал 2023 жылы өндірілген электр энергиясының көлемі 2520 ГВт-сағатқа жетті. Станцияның жалпы бекітілген қуаты 2100 МВт.
Қор басшысының айтуынша, экономика мен қоғам қарқынды дамып жатқанда, энергияны сақтайтын жүйені құру өзекті мәселелердің бірі.
Қазіргі уақытта Қытайдың халықаралық су шаруашылығы және энергетика корпорациясы Қазақстанда ГАЭС салатын орындарды анықтау мақсатында техникалық-экономикалық зерттеу жүргізуде. Республика аумағында ГАЭС әзірге жоқ.
«Біз Қазақстанның гидроэнергетикалық әлеуетінің дамуына қосқан үлестеріңізді, сондай-ақ осы сала бойынша мамандарымыздың білім мен тәжірибе алмасуына ықпал еткендеріңізді бағалаймыз», - деді Нұрлан Жақыпов.
Анықтама. ГАЭС жұмыс істеу әдісі: жоғарғы және төменгі екі су қоймасы болады. Түнде электрлі мотор-генераторлардың көмегімен су жоғарыға айдалады.
«Қымбат тариф» уақыты басталған кезде, су төменге жіберіледі де мотор-генераторлар электр энергиясын өндіреді.
Дереккөз: @samrukkazyna_official