«Самұрық-Энерго» АҚ Мәскеу биржасының XXVII жыл сайынғы «Жария емес компанияның үздік жылдық есебі» жылдық есептер конкурсы «Гран-при» аталымының күміс жүлдегері атанды.
Оған экономиканың түрлі салаларынан 100-ден астам ірі компания қатысты. Сараптамалық топ пен нарықтың кәсіби қатысушыларының, мемлекеттік органдардың және тәуелсіз сарапшылардың өкілдерінен құралған жоғары білікті қазылар алқасы есептерді мынадай критерийлер бойынша бағалады: стратегия және басқару, компанияның жетістіктері мен мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл.
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның жылдық есебі ақпараттың ашылу сапасы мен толықтығы, деректерді ұсынудың инновациялық тәсілдерімен жоғары деңгейдегі дизайн үшін жоғары бағаланды. «Гран-при» аталымындағы марапат Компанияның корпоративтік басқару саласындағы көшбасшылық ұстанымын, оның жоғары деңгейдегі жариялылық пен ашықтық стандарттарына бейімділігін, сондай-ақ есептіліктің заманауи талаптарға сәйкестігін растайды.
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның жылдық есебімен ресми интернет-ресурста танысуға болады.