«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қызметкерлерінің арасында «SK Әзіл Fest» қайырымдылық кеші өтті. Көңілді тапқырлар клубы сайысына «Самұрық-Энерго» АҚ атынан АлЭС-тың «Токи в шоке» командасы қатысты. Олар көрермендерді ерекше әзілдерімен қуантып, әртістік шеберлігін көрсетті.
Қордың портфельдік компаниялары құрама командаларының өнер көрсету қорытындысы бойынша АлЭС электр монтері Әсет Губашев «SK Әзіл Fest серісі» аталымы бойынша марапатталды.
Бұл кеш көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлап қана қоймай, қайырымдылыққа да өз үлесін қосты. Барлық жиналған қаражат мектептерде инклюзивті кабинеттер ашуға жұмсалатын болады.