Энергия үнемдеу күні қарсаңында «Самұрық-Энерго» АҚ жұмыскерлері VI Халықаралық энергия үнемдеу форумына қатысты.
Форум аясында энергия үнемдеу саясатын дамытудың және энергия тиімділігін арттырудың негізгі аспектілері талқыланды. Сонымен қатар мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, сарапшылар маңызды жобалар мен өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Сондай-ақ, форум елдегі өнеркәсіпті декарбонизациялау және энергия үнемдеуді автоматтандыру, цифрландыру және стандарттау тақырыптарын қамтыды.