«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов пен Urbacon Concessions Investment (UCC) бас директоры Мехмет Ариф Озозан Қызылорда облысында қуаты 1100 МВт бу-газ станциясын салу жөніндегі жобаның ағымдағы жай-күйін талқылады.
Жобаны Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) Оңтүстік аймағында жаңа маневрлік қуаттарды енгізу мақсатында іске асыру жоспарлануда. Жоба аясында инфрақұрылымды дамытуға үлес қосатын жаңа электр беру желілерін салу көзделеді.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен Катар мемлекеті үкіметтері арасындағы жобаларды дамыту үшін ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік орнату туралы Келісім шеңберінде іске асырылатын жобаның негізгі аспектілерін қарастырды.