Самұрық-Энерго мен Катардың Power International Holding тобы бірлескен жобаны іске асыру туралы келісімге қол қойды

Самұрық-Энерго мен Катардың Power International Holding тобы бірлескен жобаны іске асыру туралы келісімге қол қойды

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов пен Power International Holding (PIH) тобының президенті Рамез Әл-Хаят бу-газ қондырғысы негізінде жұмыс істейтін электр станциясын салу жобасын бірлесіп іске асыру туралы келісімге қол қойды. 

Қызылорда облысында қуаты 1100 МВт энергетикалық нысан салу жоспарлануда. Жобаны іске асыру Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің тұрақтылығына оң әсер етеді. Сондай-ақ, жоба елдің энергия жүйесінің экологиялық тұрақтылығын арттыруға ықпал етіп, оны барынша таза әрі тиімді етеді.

Қол қою рәсімі барысында тараптар өзара құрмет пен сенім негізінде құрылған ұзақ мерзімді серіктестікті дамытудағы жетістіктерді атап өтті. Сондай-ақ, осы энергетикалық жобаны бірлесіп іске асырудың келесі қадамдары талқыланды.

Power International Holding — экономиканың түрлі секторларында жұмыс істейтін Катар конгломераты. Компания бүкіл әлем бойынша мыңға жуық жобаны ойдағыдай іске асырды.