«Самұрық-Энерго» АҚ-да Ақпараттық мониторинг орталығының ашылу рәсімі өтті. Бұл шараға «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов, ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, «KEGOC» АҚ Басқарма Төрағасы Нәби Айтжанов қатысты.
Орталық өндірістік көрсеткіштердің, жөндеу жұмыстарының динамикасын, сондай-ақ қажетті басқару шешімдерін жедел қабылдап, станциялардың негізгі жабдықтары мен электр желілері жұмысының ағымдағы жай-күйін қадағалау және талдау мақсатында құрылған. Қажетті деректер 70-тен астам өндірістік көрсеткіш бойынша орталыққа Самұрық-Энерго еншілес кәсіпорындарынан нақты уақыт режимінде келіп түсетін болады.
Енгізілген ақпараттық жүйенің маңызды басымдылығы жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын бағалау және әртүрлі есептілік деректерін жедел қалыптастыру мүмкіндігі болып табылады.
Еншілес компаниялардан жабдықтың жай-күйі, өндіріс көлемі туралы өзекті ақпаратты уақтылы алу станцияларды, электр желілерін басқаруды, олардың жұмысын бақылауды жедел әрі тиімді жүзеге асыруға және олардың қызметіне қажетті түзетулерді уақтылы енгізуге мүмкіндік бермек.