«Самұрық-Энерго» АҚ қызметінің 2024 жылғы негізгі оқиғалары
Екібастұз ГРЭС-1 станциясында №1 энергоблок пайдалануға берілді, соның нәтижесінде станция 30 жылда алғаш рет толық қуатымен жұмыс істей бастады.
Екібастұз ГРЭС-2 станциясы 3-ші және 4-ші энергия блоктарын салуға ЕРС-шартына қол қойды.
Көкшетауда салынатын ЖЭО жобасы үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу шартына қол қойылды.
Еншілес ұйымдарда ауқымды жөндеу науқаны жүргізілді.
Самұрық - Энерго 2023 жылы 98 қазақстандық компания арасында ESG-ақпаратты ашу бойынша PwC Kazakhstan рейтингінде 1 орын алды. Рейтинг басылымының бүкіл тарихында алғаш рет рекордтық «А+» жоғары бағасы берілді.
Самұрық-Энергоның 2023 жылғы жылдық есебі халықаралық ұйымдар нұсқасы бойынша үздіктердің бірі болып танылды.
Fitch Ratings халықаралық рейтингі «Тұрақты» болжамымен «BB+» деңгейінде расталды.
АХҚО биржасында топтық бағдарлама шеңберінде алғашқы облигациялар, сондай-ақ I-REC жасыл сертификаттары шығарылды.
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2024-2033 жылдарға арналған жаңа Даму стратегиясы бекітілді.
Алғаш рет нақты уақыт режимінде өндірістік объектілерден келіп түсетін деректерді жедел бақылау және талдау үшін Ақпараттық мониторинг орталығы құрылды.
«Самұрық-Энерго» АҚ әйелдер клубы құрылып, компаниялар тобының алғашқы әйелдер форумы өткізілді.
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының III Жастар форумы өтті.