Ғасырлық мерейтой: көмір өнеркәсібінің ардагері өзінің 100 жылдығын атап өтті

Ғасырлық мерейтой: көмір өнеркәсібінің ардагері өзінің 100 жылдығын атап өтті

Еңбек ардагері Александра Иосифовна Стельмах 100 жасқа толды! Ардагерді мерейтойымен «Богатырь Көмір» ЖШС корпоративтік қоры мен кәсіподақ өкілдері құттықтады.

Александра Иосифовна соғыс жылдарында тылда еңбек етті, кейінгі өмірін Екібастұз көмір бассейнімен байланыстырды. Өз еңбек жолында жол бұрушыдан бастап станция кезекшісі қызметіне дейін еңбек етіп, көмір өнеркәсібін дамытуға үлкен үлес қосты. 

Ардагер әріптестерінің құрметіне бөленіп, лайықты марапаттарға ие болды, «Еңбек ардагері» медалін және Жеңістің 65 жылдығы мен 70 жылдығына арналған мерейтойлық марапаттарды иеленді. Дегенімен, оның басты байлығы – өзінің үлкен отбасы: балалары, немерелері мен шөберелері.