Ауқымды жөндеу науқаны жүргізілді, 114 негізгі жабдық жөнделді.
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы 2024 жылы 39,8 млрд кВтсағ электр энергиясын өндірді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13% - ға артық.
2024 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ құрамына кіретін СЭС рекордтық деңгейде электр энергиясын өндірді. Су электр станциялары 5,6 млрд кВтсағ электр энергиясын өндірді. Жоспар 1,1 млрд кВтсағатқа асыра орындалды.
2024 жылы Мойнақ СЭС соңғы 5 жылда алғаш рет 1 млрд кВтсағаттан (1,07 млрд кВтсағ) астам электр энергиясын өндірді.
Өткен жылдың қазан айында Шардара, Мойнақ, Өскемен, Шүлбі СЭС-і жылдық электр энергиясын өндіру жоспарын мерзімінен бұрын орындады. Станциялар 4,5 млрд кВтсағ электр энергиясын өндірді.
2024 жылдың қорытындысы бойынша АлЭС, «Энергия Семиречья» ЖШС, «Samruk Green Energy» ЖШС электр энергиясын өндіру бойынша жылдық жоспарды 363 млн кВтсағатқа асыра орындап, жиынтығында 5,4 млрд кВтсағ электр энергиясын өндірді.