2024 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ қазақстандық 98 компанияның арасында 2023 жылғы жылдық есептерде ESG-ақпаратты ашу бойынша PwC Kazakhstan рейтингінде 1-орынға ие болды. Рейтинг басылымының тарихында алғаш рет рекордтық «А+» жоғары бағасы берілді, ол ең үздік халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.
ESG мәселелерін басқару деңгейінің жоғары екендігі Morningstar Sustainalitycs халықаралық рейтингтік агенттігінің «Самұрық-Энерго» АҚ ESG – 24,1 балл рейтингін беруі және осы рейтингтің үздік 20 энергетикалық компаниясының қатарына кіруі арқылы расталды.
2024 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ «Жария емес компанияның үздік жылдық есебі» аталымы бойынша жыл сайын өтетін ХХVII МОЕХ жылдық есептер конкурсында 2 орын алды.
2024 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында ЖЭК-тің электр энергиясын өндірудегі үлесі 8,3%-ға өсті.
2024 жылы Екібастұз 2-МАЭС, Алматы 1-ЖЭО және АлЭС БЖК-де атмосфераға шығарылатын шығарындыларға автоматтандырылған мониторингжүргізу жүйесі (АМЖ) енгізілді. АМЖ-нен деректер Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ақпараттық жүйесіне онлайн-режимде беріледі.
2024 жылғы деректер бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың үлестік шығарындылары 2023 жылмен салыстырғанда 13,8%-ға қысқарды.
2024 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында жалпы сомасы 14 млрд теңгеден астам табиғатты қорғау іс-шараларының кешенді бағдарламасы іске асырылды, оның ішінде кәсіпорындар аумағындағы жасыл желек алаңын ұлғайту, шаң-газ тазарту қондырғыларын жөндеу және т. б. бойынша жұмыстар жүргізілді.
Sustainable Fitch агенттігі 2024 жылы ESG рейтингін өткізу шеңберінде «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының биоәртүрлілікті қорғау жөніндегі белсенді жұмысын және соңғы 4 жылда парниктік газдар шығарындыларының (Scope 1) 18,9%-ға қысқарғанын атап өтті.